
Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты.
🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, 2026-2027 жылдардағы қысқы от жағу кезеңіне дайындық жұмыстары, және төрт түлік қосымшасын жүктеп, тіркеу туралы сондай-ақ Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмыстары қаралды.
🔹️ " Taza Qazaqstan" республикалық акциясының Ойыл ауданы бойынша орындалу барысы туралы Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Тұрғамбеков Нұржау Орынбасарұлы баяндама жасаса, 2026-2027 жылдардағы қысқы от жағу кезеңіне дайындық барысы туралы Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы баяндады. Сонымен қатар төрт түлік қосымшасын жүктеп тіркеу туралы Ойыл аудандық ветеринария станциясының басшысы Сармұханов Серік Кәдірғалиұлы тоқталды.
🔸️Ал Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмыстары жөнінде ауылдық округ әкімі Сағынғалиев Рүстем Темірұлы баяндап, округтегі негізгі жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Аудан бойынша қызмет көрсету сапасы туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Ойыл филиалының басшысы Бақтыгереев Айбек Бақытұлы жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы өткен апта жиынында қаралған мәселелердің орындалуы бойынша айтты.
🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.









