
Өскеменде ЖБО камералары құқық бұзушыны жедел анықтауға көмектесті
«102» арнасына қоғамдық орында масаң күйде жүрген және оғаш қылық танытқан ер адам туралы хабарлама келіп түскен. ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен ер адамның орналасқан жері жедел түрде анықталды.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды жіберілді. Ақпаратты тексеру барысында полиция қызметкерлері ер адамды Әміре Қашаубаев көшесіндегі аялдамадан тапты.
Ол Глубокое ауданының Белоусовка кентінің 53 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 2,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
ШҚО ПД мұндай құқық бұзушылықтар назардан тыс қалмайтынын ескертеді. Бейнебақылау камералары мен полицияның жедел жұмысы азаматтардың хабарламаларына уақытылы ден қоюға және қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









