"Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірдің бақылау-қадағалау органдары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай есеп беру күні өтті.
Кездесудің басты мақсаты — мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметі реформасын жүзеге асыру аясында кәсіби қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың алдын алу жүйесін дамыту.
Ашық диалог форматында кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қосып, түсініктемелер мен практикалық ұсынымдар ала алды.








