Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Департамент басшысы Е. С. Ниетқабыловтың төрағалығымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Департамент басшысы Е. С. Ниетқабыловтың төрағалығымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

    Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ағымдағы жұмыс мәселелері қаралды.

    Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік органның беделіне кері әсер етуі мүмкін әрекеттер мен жарияланымдарға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерді орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, адалдық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтау, сондай-ақ белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге өтініштерді уақтылы әрі сапалы қарауды және қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары