Ашық диалог. Өзекті мәселелер. Нақты жауаптар

    Ашық диалог. Өзекті мәселелер. Нақты жауаптар

    24 қыркүйекте Қорғалжын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілген «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Бұл жай ғана кездесу емес, салық төлеушілердің мамандарға тікелей жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, салық заңнамасының өзекті мәселелері бойынша нақты түсіндірме алуына мүмкіндік берген ашық алаң болды.

    Кездесу барысында бүгінгі таңда салық төлеушілерді алаңдататын мәселелер талқыланып, нақты жағдайлар қарастырылды және салықтық міндеттемелерді орындаудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

    Осындай кездесулер мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылды барынша ашық, түсінікті әрі нәтижелі етуге мүмкіндік береді.




    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары