Көмек әрдайым қасыңызда: білуіңіз қажет үш нөмір

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Көмек әрдайым қасыңызда: білуіңіз қажет үш нөмір

    Көмек әрдайым қасыңызда: білуіңіз қажет үш нөмір

    Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіздік коды» республикалық профилактикалық акциясы аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және азаматтарға қолжетімді көмек түрлері туралы ақпарат беруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Блогермен бірлесіп дайындалған бейнероликте білуіңіз қажет үш нөмір туралы еске саламыз:

    • 102 — полиция
    • 111 — отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орталығы
    • 150 — зорлық-зомбылыққа тап болған және қолдауға мұқтаж адамдарға арналған сенім телефоны.

    Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз немесе зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, бейжай қалмаңыз. Көмек сұрауға әрдайым болады.

    Ең бастысы — үндемей қалмау және қайда жүгіну керектігін білу.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары