
«Жыл контент-мейкері»: әсерлі кадр үшін Өскемен тұрғыны жол үстінде түсірілім алаңын ұйымдастырған
Лайк жинауға ұмтылған Өскемен тұрғынының әрекеті өздері күткендей нәтиже бермеді.
Желіде блогерлердің өзіндік перформанс ұйымдастырған видеосы тарады. Олар кезекті «ерекше» ролик түсіру үшін үстел мен орындықты жолдың жүріс бөлігіне шығарып, қозғалыс кезінде түсірілім жүргізген.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтады. Қаланың 22 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция ескертеді: жол — түсірілім алаңы да, әсерлі кадр үшін тәжірибе жасайтын орын да емес. Жолдың жүріс бөлігіне жиһаз орналастыру жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









