Заңды өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

    Заңды өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

    🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметі аясында, жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлытау облысы Білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің жанындағы интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жатақханасында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің заңды өкілдерімен кездесу өткізіп, олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алуға, медициналық көмекке және қолайлы жағдайларда өмір сүруге деген құқықтары, сондай-ақ заңды өкілдердің міндеттері мен жауапкершілігі жөнінде ақпарат берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі" жаңалықтары