
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметтік міндеттері аясында Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне барып, «Арнайы мекемелерде, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жайларда адамдарды ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында арнайы мекемелерде және арнайы үй-жайларда ұсталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ оларды ұстау тәртібі мен жағдайларына қатысты негізгі талаптар түсіндірілді.









