КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    Сарыағаш ауданында «Жібек жолы» өткізу пунктіне дейінгі аумақта абаттандыру және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

    Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес өткізу пунктіне дейінгі жол бойындағы аумақтың санитарлық және сәулеттік келбетін жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
    Сонымен қатар, аудан әкімі өткізу пункті маңындағы аумақтың жалпы сәулеттік келбетіне ерекше назар аударып, сәулеттік талаптарға сәйкес келмейтін ғимараттарды бұзу немесе қолданыстағы нысандарды тиісті талаптарға сәйкестендіріп, ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
    Қазіргі таңда «Жібек жолы» өткізу пунктіне дейінгі жолдың екі бетіндегі қоршаулар орнатылуда, жалпы ретке келтіру жұмыстарының 60 пайызы орындалған.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары