Ақтөбелік спортшы Ерлік Сертай — Азия ойындарының чемпионы!

    Ақтөбелік спортшы Ерлік Сертай — Азия ойындарының чемпионы!

    Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы командалық сында алтын медаль жеңіп алды.

    Финалда қазақстандық семсерлесу шеберлері Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы 24 жылдан кейін Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленді.

    Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Ақтөбе облысының спортшысы Ерлік Сертай өнер көрсетті. Сондай-ақ команда құрамында Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов сынға түсті.

    Қазақстан құрамасы жарыс жолында 1/8 финалда Қатарды 45:27, ширек финалда Сингапурды 45:36, жартылай финалда Гонконгты 45:34 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

    Айта кетейік, биыл Ерлік Сертай Қазақстан құрамасымен бірге командалық сында әлем чемпионы атанды. Енді жерлесіміз Азия ойындарының чемпионы атағын да иеленіп отыр.

    Ерлік Сертай мен Қазақстан құрамасын Азия ойындарындағы жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары