Басты мақсат – адамға жұмыс табуға және жаңа жұмыс орнында тұрақтап қалуға

    Басты мақсат – адамға жұмыс табуға және жаңа жұмыс орнында тұрақтап қалуға

    Жұмыссыз қалу – адам өміріндегі күрделі кезеңдердің бірі. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетілетінін білу маңызды.

    Қазақстанда азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Олардың қатарында жұмыс іздеуге көмек көрсету, кәсіптік оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, сондай-ақ тиісті құқығы болған жағдайда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бар.

    Алғашқы қадам – жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Мұны тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына жүгіну арқылы, электрондық үкімет порталы немесе Enbek.kz порталы арқылы жасауға болады.

    Тіркелгеннен кейін Мансап орталығы азаматтың кәсібін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін, қалаған жалақы деңгейін және басқа да талаптарын ескере отырып, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады.

    Егер әзірге лайықты жұмыс табылмаса, азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларына жолданады. Олардың қатарында жаңа мамандық алу үшін кәсіптік оқудан өту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу, сондай-ақ жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару қарастырылған.

    Қолдау шаралары бос жұмыс орнын ұсынумен ғана шектелмейді. Азамат жұмысқа орналасқаннан кейін де Мансап орталығы оның жұмыспен қамтылу жағдайын бақылауды жалғастырады. Негізгі мақсат – адамға жай ғана жұмыс тауып беру емес, оның тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау.

    Осылайша жаңа жұмысқа орналасу бірнеше кезеңнен тұрады: жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу, бос жұмыс орындарын іріктеу, қажет болған жағдайда қосымша қолдау шараларын алу және артынша жұмысқа орналасу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті»" жаңалықтары