Самарқанд, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқандқа жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар жетекші өндірістік кәсіпорындарын, атап айтқанда, шырын өнімдерін өндіруге маманданған «AgroMir» компаниясын, металл өнімдерін шығаратын «Asia Metall Prof» кәсіпорнын, сондай-ақ «Sharq Sanoat» концернінің өндірістік нысандарын аралады.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Сапар барысында Елші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарымен, технологиялық үдерістерімен, шығарылатын өнім түрлерімен, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту және кеңейту жоспарларымен танысты.

    Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өзара тиімді жаңа өндірістік байланыстар орнату мақсатында екі ел өңірлерінің қолда бар әлеуетін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпорындары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейту екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары