
Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты 2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында өткізілуі жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейді.
Атап айтқанда, 25 қыркүйекке жоспарланған «Каспий – достық теңізі» фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты мен Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді.
Қала әкімдігі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың отбасылары мен жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі






