«Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» профилактикалық акциясы

    Жамбыл ауданы прокуратурасымен «Жылдамдықты азайт – өмірді сақта» акциясы аясында тұрақты негізде қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.

    Алматы-Бишкек республикалық маңызы бар тас жолында жол-көлік оқиғалары жиі орын алатындықтан аудан прокуратурасының үйлестіруімен рейдтік іс шаралар ұйымдастырылып, ауыр жүк көліктеріне аса назар аударылды. Себебі жүк тасымалдау талаптарының сақталмағандығынан жолдың қабаты бұзылып, жол-көлік оқиғаларына әкелетін қауіпті аймақтар пайда болуда.

    Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейд ұйымдастырылды. Рейдтік іс шаралардың нәтижесінде 18 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

    #Заң_мен_тәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары