
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерін бақылау бөлімі Департаменттің бейіндік бөлімдерінің басшыларымен және мамандарымен оқыту семинарын өткізді, онда санитариялық-қорғау аймағын белгілеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Кеңес барысында санитариялық-қорғау аймағын белгілеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер талданды. Мәселен, 2026 жылғы 1 шілдеде ҚР Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін СҚА белгілеу рәсімі екі кезеңнен (алдын ала/есептік және белгіленген/түпкілікті СҚА) бір кезеңге (СҚА белгілеу) ауыстырылды. Енді жобаланатын (салынып жатқан, реконструкцияланатын) объектілерге арналған СҚА-ны ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар қарайды.
Департамент пен оның аумақтық басқармаларының "Халықденсаулығыжәне денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 276-бабына және ҚР Құрылыс кодексінің 147-бабына сәйкес 2026 жылғы 1шілдеге дейін пайдалануға берілген жене құрылыс объектілері үшін, бірақ бұрын белгіленген СҚА жоқ кезде қолданыстағы СҚА белгілеу функциясы қалды. Бұдан басқа, Департаменттің құзыретіне тарихи қалыптасқан құрылысқа байланысты объектілер үшін белгіленген СҚА және СҚА мөлшерін азайту кіреді.
Сондай-ақ, ҚР Құрылыс кодексі күшіне енгенге дейін есептік (алдын ала) СҚА белгіленген жағдайда СҚА-ның белгіленген мөлшерін қосымша белгілеу не растау қажеттігінің жоқтығы туралы; шекті жол берілетін шығарындылар мен шекті жол берілетін төгінділер жобаларына сараптама жүргізу функциясын алып тастау туралы және т. б. түсіндірілді.
Геопортал мен кадастрлық картаға енгізу үшін оларды тапсырыс беруші мен жобалаушы кейіннен жергілікті атқарушы органдарға беру үшін 8 румбалар бойынша СҚА координаттары туралы мәліметтерді жобаға міндетті түрде енгізуге ерекше назар аударылды.
Бөлім мамандары өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.









