⚖️ МӘРТӨК АУДАНЫНДА «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    ⚖️ МӘРТӨК АУДАНЫНДА «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    «Заң мен тәртіп» жобасы аясында аудандық мәдениет үйінде «Тегін заң көмегі күні» акциясы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындарына құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал ету, заң аясында туындаған мәселелер бойынша тегін кеңес беріп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету.

    Акция барысында аудан тұрғындарын аудан прокуратурасының, аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері, Ақтөбе облысының Әділет департаментінің мамандары, нотариус пен адвокаттар қабылдады.

    Қабылдауға жалпы 25 ауыл тұрғыны келіп, өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды.

    Білікті мамандар әрбір өтінішті мұқият қарап, тұрғындарға заң талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірме беріп, туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды.

    Осындай құқықтық акциялар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және мәселелерін заң аясында шешуге мүмкіндік береді.

    ⚖️ Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың маңызды қадамы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мәртөк ауданы әкімдігі" жаңалықтары