
🔰Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!
📌Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының Құрылған күнін мерекелеуге байланысты (2026 жылғы 1–3 қазан) Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтата тұратынын хабарлайды. Көрсетілген күндері жеке тұлғалар, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
♻️Сонымен қатар, көлік-логистикалық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
🖇️ Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын және азаматтарды маршруттарды жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.








