«Адал қызмет – ашық диалог» тақырыбы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Адал қызмет – ашық диалог» тақырыбы

    Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен Алдабергенов ауылдық округінде «Адал қызмет – ашық диалог» тақырыбында кездесу өтті.
    Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәртібі және электрондық форматта қызмет алудың мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді.
    Кездесу аясында азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен түсіндірмелер алды.
    Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында жасырын сауалнама жүргізіліп, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – халық пен мемлекеттік қызметшілер арасында ашық әрі тиімді диалог орнату, азаматтардың ұсыныстарын ескеру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары