
Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен жауапкершілікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы этикалық талаптарды сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі мінсіз орындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.








