Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда

    Балалардың қауіпсіздігі - басты назарда

    Ақтөбе қаласындағы №81 мектепте ТЖД қызметкерлері «Балалардың жаңа оқу жылындағы қауіпсіздігі» тақырыбында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында үгіт насихат және профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушылардың өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін арттыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

    Кездесу барысында ТЖД қызметкерлері оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп, өрт болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін айтып берді. Сонымен қатар жедел қызметтердің 101 және 112 нөмірлері еске салынды.

    Іс-шараның практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды. Мектепте оқу эвакуациясы ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтер шартты өрт жағдайында қауіпсіз жерге шығу тәртібін пысықтады.

    Сонымен қатар мектеп оқушыларына өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы жабдықтар таныстырылды. Балалар құтқарушылардың жұмысы туралы ақпарат алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.

    Ақтөбе облысының ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары