
Вирусты «А» гепатиті (ВАГ) – ол жіті инфекциялық ауру, бауырдың, ағзалардың сарғаюымен және жалпы адам ағзасының зақымдануымен сипатталады.
Инфекцияның жұғу көзі – науқас адам. Инфекцияның негізгі жұғу жолдары: тұрмыстық тығыз қарым-қатынас кезінде, ластанған су, тамақ арқылы да жұғуы мүмкін.
Тамақ арқылы жұғатын жолы – вирусты А гепатитіне шалдыққан адамның жеке бас гигиенасын сақтамай, тамақ дайындауы кезінде болуы мүмкін.
Тұрмыстық тығыз қарым-қатынас арқылы жұғу жолы – лас қолдар арқылы және тұрмыста пайдаланатын заттар арқылы, санитариялық-техникалық құрылғылардың: кранның тетігі, есік тұтқасы, баспалдақтың жақтаулары, т.т.
Су арқылы жұғу жолы – ластанған суды ішуге пайдаланғанда, тамақ дайындағанда, азық-түліктерді жуғанда, ашық су тоғандарында шомылғанда жұғады.
Аурудың белгілері мен оның ұзақтығы: ауруды жұқтырған мезеттен бастап басталғанға дейін 4 күннен 50 күнге дейін созылуы мүмкін. Науқастың тәбеті нашарлап, оң бүйірі ауырады, жүрегі айниды, құсық пайда болады.
Вирусты А гепатитін емдеу дәрігер-инфекционистің бақылауымен жүргізіледі.
Алдын алу шаралары мен сақтану шаралары: таныс емес су көздерінен, бұлақтардан су ішпеу, тазалығы күмән келтіретін өзендер, көлдер мен тоған суларына түсуге болмайды.
Міндетті түрде қарапайым гигиеналық нормаларды сақтау және әжетханаға барып келгеннен кейін, даладан ішке кіргенде және тамақ ішер алдында қолды жуу. Бөлмелер мен үй-жайларда тазалықты сақтау. Жеке басқа арналған заттардың бір иесі болу керек, айналасындағылармен бөлісуге болмайды. Көкөніспен жемістерді пайдаланар алдында ағып тұрған таза сумен мұқият тазалап жуу керек.
Жалпы гигиеналық алдын алу шараларымен қатар әлеуметтік қорғау шаралары да бар – ол екпе алу. Вирусты «А» гепатитіне қарсы екі екпе алу – індетке шалдықпаудан қорғайды.








