Жибек жолы ауылы «15» қыркүйек 2026 ж.
Осы хабарлама арқылы «Жібек жолы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Жібек жолы Қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (ШЖҚ МКК), БСН 200740010698, барлық тұтынушыларды, контрагенттерді, мемлекеттік органдарды және мүдделі тұлғаларды Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының аумағында сумен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша қызмет берушінің ауысқандығы туралы ресми түрде хабардар етеді.
Қызмет берушінің ауысу негізі:
Қызмет берушіні ауыстыру Аршалы ауданы Әкім ауданын қауылы 11.08.2026 жылғы № А-08/160,2026 жылғы 09 қыркүйектегі № 01-05/149 Өкім негізінде жүзеге асырылды.
Міндеттемелердің ауысу күні:
2026 жылғы «09» қыркүйектен бастап аталған қызметтерді көрсету (сумен жабдықтау қызметтерін толық көлемде көрсету) бойынша шарттар шеңберіндегі барлық құқықтар мен міндеттер жаңа қызмет беруші — «Жібек жолы Қызмет» ШЖҚ МКК-на өтеді.
- Шарттарды қайта жасасу және ақы төлеу тәртібі:
- Бұрынғы қызмет берушімен жасалған барлық шарттар міндеттемелер ауысқан күннен бастап тоқтатылды деп есептеледі / ҚР Азаматтық кодексінің 339-бабына сәйкес өз күшін сақтайды.
- Тұтынушылар дербес шоттарды қайта рәсімдеу және жаңа шарттар жасасу үшін 2026 жылғы «01» қазанға дейінгі мерзімде жаңа қызмет берушінің кеңсесіне келуі қажет.
- 2026 жылғы «01» қыркүйекке дейін көрсетілген қызметтер үшін төлемді бұрынғы қызмет берушінің деректемелеріне (реквизиттеріне) аудару қажет. 2026 жылғы «01» қыркүйектен бастап көрсетілетін қызметтер үшін төлем қатаң түрде жаңа қызмет берушінің есепшоттарына төленуі тиіс.
- Жаңа қызмет берушінің деректемелері (реквизиттері):
- Толық атауы: «Жібек жолы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Жібек жолы Қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
- БСН (БИН): 200740010698
- Заңды және нақты мекенжайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Шағын аудан, 4-құрылыс.
- Банктік деректемелері:
- ЖСК (ИИК): KZ10601А871081709561
- БИК: HSBKKZKX
- КБЕ: 16
- Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
- Байланыс орталығы / Апаттық қызмет телефондары: +7 708 203 94 64, +7 702 806 94 40, электрондық пошта: [email protected]
Өзара есеп айырысуларды салыстыру және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша осы хабарламада көрсетілген мекенжайлар мен телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз.
«Қызмет беруші»
«Жібек жолы кенті әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің жанындағы
«Жібек жолы Қызмет» ШЖҚ МКК
Директоры Қ.Х. Сәбиев





