Эпидемиологиялық жағдай және ЖРВИ алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Эпидемиологиялық жағдай және ЖРВИ алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті

    Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында ЖРВИ және эпидемиологиялық жағдай тақырыбында брифинг ұйымдастырылды.

    Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова қатысты.

    Гаухар Сұлтанқызы Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама оқып, сақтық шараларын сақтау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

    Сондай-ақ брифингке Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Ләйлә Тұрсынбекқызы Иманғалиева қатысып, ЖРВИ-дың алдын алу туралы кеңінен баяндап, бірқатар ұсынымдар берді.

    Брифинг соңында, спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар беріп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты бірқатар кеңестер берді.

    Толық брифингті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

    https://www.youtube.com/live/jGUmFt1BOoI?si=k9-cS1LJUd-BJ8Ps

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары