Рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өтті

    Рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өтті

    Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

    Жұмыс кеңесіне «Ұлттық сараптама орталығының» Алматы қаласы бойынша филиалының және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты.

    Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулерді жүргізудің бірыңғай тәсілдері туралы баяндама жасады.

    Кеңесте «Ұлттық сараптама орталығының» Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп, рентгенологиялық кабинеттерде жүргізілетін зертханалық зерттеулердің бірізділігі, сынамаларды іріктеу, өлшеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелерін бірыңғай талаптарға, әдістемелерге және нормативтік құжаттарға сәйкес рәсімдеу мәселелері талқыланды.

    Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсыныстар берілді.

    Рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өттіРентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өтті
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары