
Қызылорда облысы ТЖД «Жастар Рухы» еріктілерімен бірлесіп, «Арай» аквапаркінің қызметкерлеріне судағы қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру сабағын өткізді.
Сабақ барысында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, аквапарк демалушыларына судағы қауіпсіздік ережелері көрсетілген үнпарақтар таратылып, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.







