
Әрбір жануар АЖЖ базасында тіркелуі тиіс
Облыстық мәслихат комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және ақпараттық жүйедегі мәліметтердің дұрыстығы мәселесі қаралды.
Отыста облыс әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Төлеген Иманбаев баяндама жасады.
2026 жылы жас төлді сәйкестендіруге жергілікті бюджеттен 148 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Ірі қара, ұсақ мал, шошқа және түйелерді сәйкестендіруге 382 мыңнан астам құлақ сырғасы сатып алынды.
Жыл басынан бері сәйкестендірілген мал саны:
ІҚМ — 101 497 бас
ҰММ — 134 266 бас
шошқа — 33 642 бас
жылқы — 23 863 бас
түйе — 7 бас
Жоғалған сырғаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Жаңа нөмір АЖЖ базасында жануардың бұрынғы сәйкестендіру нөмірімен байланыстырылып, оның қозғалысы мен тарихын сақтауға н береді.
2025 жылдан бастап мал басының нақты санын АЖЖ базасындағы мәліметтермен салыстыру мақсатында аулаларды аралап түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі міндет — базадағы ақпаратты нақты мал басына сәйкестендіру.
Отырыс қорытындысы бойынша мал басын түгендеуді жалғастыру, АЖЖ базасын өзектендіру және енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.
АЖЖ базасындағы нақты әрі өзекті мәліметтер — жануарлардың қозғалысын бақылаудың, ветеринариялық іс-шараларды тиімді жоспарлаудың және Қостанай облысының ветеринариялық-санитариялық әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды негізі.






