Абай ауданының білім беру ұйымдарында онкүндіктің ашылу салтанаттары ұйымдастырылды

    «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі

    Мұғалімдер күніне орай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы ұсынған «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндік жоспарына сәйкес, Абай ауданының білім беру ұйымдарында онкүндіктің ашылу салтанаттары ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтерге онкүндіктің жоспары таныстырылып, алдағы мерекелік іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
    Ашылу салтанатында оқушылар ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.
    Онкүндік аясындағы іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби мәртебесін көтеру, лардың қоғамдағы орынын нығайту, ұстаз еңбегін дәріптеуге, педагог мамандығына деген құрметті арттыруға және білім алушылардың алғысын білдіруге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы Білім басқарамасының «Абай ауданы білім бөлімі» ММ" жаңалықтары