Сегодня, 23 сентября 2026 года под председательством Исмаилова Армана состоялось совместное заседание постоянных комиссий Костанайского городского маслихата.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Сегодня, 23 сентября 2026 года под председательством Исмаилова Армана состоялось совместное заседание постоянных комиссий Костанайского городского маслихата.

    Отырысқа «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алия Сегизбаева, «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Айжана Тлеугалеева қатысты.

    Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

    1. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесін келісу туралы.
    2. Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы».

    «Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесін бекіту туралы» қаулы жобасы.

    Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға қатаң сәйкес жүзеге асырылады.

    Осы Қағидалар мемлекеттік меншік объектілерін берудің бірыңғай тәртібін, сондай-ақ жылдық жалдау ақысын есептеу тетігін айқындайды.

    Есептеу кезінде бірқатар объективті факторлар ескеріледі:

    • объектінің функционалдық мақсаты және тұрғын емес үй-жайдың түрі;
    • коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрі;
    • жайлылық дәрежесі және аумақтық орналасуы;
    • жалдаушының өзінің қызмет түрі және ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.

    Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, Қостанай қаласы үшін жалдау ақысының мөлшерін есептеу кезінде базалық мөлшерлеме тиісті қаржы жылына арналған 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК ) мөлшерінде белгіленген.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесін келісу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары