
Ақтау қаласында Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және абаттандыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін, 22 қыркүйек күні Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі жүргізген мониторинг барысында 20А шағын ауданында рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі анықталды.
– Қазіргі таңда құрылыс мекемесінің көмегімен қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай қала аумағындағы құрылыс мекемелерін құрылыс аумақтарын таза ұстауға және тазалық талаптарын сақтауға шақырамыз, — деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Нұрсұлтан Нұрмұқанов.
Қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында мұндай мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









