
Бүгін, 2026 жылғы 23 қыркүйекте, Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті 46 сессиясы өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Лариса Викторовна Топорова төрағалық етті.
Сессия жұмысына Жамбыл ауданы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
«Архангелка ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, проблемалары және оларды шешу жолдары туралы» мәселесі бойынша Архангелка ауылдық округінің әкімі Алтын Серікбайқызы Ташенованың баяндамасы тыңдалып, округтің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.
«Білім беру объектілерін 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындау туралы» мәселе бойынша білім бөлімінің басшысы Бауыржан Балтабайұлы Мұсабаев баяндама жасады.
Сонымен қатар, сессия барысында «СҚО Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты» КММ Ережесіне және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудан мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.







