Елордада бір келіден астам мефедронның заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

    Елордада бір келіден астам мефедронның заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

    Астанада есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратты деген күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті басқарған автокөлікті тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде салоннан жол сөмкесі табылып, оның ішінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді зат салынған 20 орама тәркіленді.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың мефедрон екені анықталды.

    Сонымен қатар жеке тінту барысында күдіктінің өзінен де осыған ұқсас зат салынған орама табылған. Бұдан бөлек, күдікті полиция қызметкерлеріне бұған дейін тағы үш орама қалдырған үш орынды көрсеткен.

    Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың барлығы мефедрон екені анықталды. Жалпы салмағы бір келіден асатын есірткі заты тәркіленді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

    Полиция есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

    Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты белгілі болған фактілерді назардан тыс қалдырмай, полицияға хабарлауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары