Брестте ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 83-отырысы өтті

    Брестте ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 83-отырысы өтті

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің (КҚБК ТМД) 83-отырысы өтті.

    Кеңес – ТМД кеңістігінде кедендік әкімшілендіруді дамыту, кедендік бақылауды жетілдіру және экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеуді қамтамасыз ететін негізгі мемлекетаралық үйлестіруші орган.

    Отырысқа Достастық мемлекеттерінің кеден қызметтерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға, транзиттік рәсімдерді жеңілдетуге және кедендік бақылау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша мынадай бағыттар бойынша шешімдер қабылданды:

    - кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында ақпараттық технологиялар мен перспективалы бағдарламалық құралдарды пайдалану тәжірибесімен алмасу;

    - инспекциялық-тексеру кешендерін, оның ішінде рентгендік кескіндерді талдау кезінде қолданудың озық тәжірибелерін енгізу;

    - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының трансшекаралық электрондық сауданы реттеу саласындағы тәжірибесін зерделеу;

    - жаңа технологияларды пайдалана отырып өндірілген тауарларды сыныптау тәсілдерін келісу;

    - жеке тұлғалардың жекелеген санаттағы тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде өткізу қағидалары туралы ақпараттандыру және өткізу пункттеріндегі бақылауды жетілдіру.

    Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов Кеңес аясында сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін әкімшілік кедергілерді барынша азайту жөніндегі негізгі міндеттің табысты іске асырылып жатқанын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары