Жұмыс сапары аясында Ақжар ауданының әкімі Нұрлан Зарапұлы Телтаев Алқатерек ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысын қарап шықты.
Құрылыс жұмыстарын орындаудың ағымдағы кезеңі, белгіленген мерзімнің сақталуы және жүргізілетін жұмыстардың сапасы тексерілді.
Жауапты тұлғаларға құрылыстың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Жобаның іске асырылу барысы бақылауда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








