Қызылжар ауданында Бескөл ауылында экологиялық сенбілік өтті. Дүниежүзілік тазалық күні және "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық сенбілік өтті.

    Қызылжар ауданында Бескөл ауылында экологиялық сенбілік өтті. Дүниежүзілік тазалық күні және "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық сенбілік өтті.

    ҚызылжарҚызылжар ауданының Бескөл ауылында экологиялық сенбілік өтті.
    ​Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
    ​Ауқымды экологиялық акция ауданның барлық ауылдық округтерінде өтті. Оған еңбек ұжымдары, елді мекен тұрғындары мен жұртшылық өкілдері қатысты.
    ​Аудан орталығы Бескөлде қоғамдық және жол бойындағы аумақтарды тазалауға аудан әкімі Бейбіт Ысманов пен аудан прокуроры Марат Аюпов қосылды.
    ​Бескөл ауылының орталық паркі сенбіліктің ерекше алаңына айналды. Мұнда түрлі буын өкілдерін біріктірген жас шыршаларды отырғызу шарасы өтті.
    ​Еңбек ардагерлері бескөлдік жастармен бірге ағаш отырғызып, сабақтастықтың, тәжірибе бөлісудің және болашаққа деген қамқорлықтың игі символын қалыптастырды.
    ​Экологиялық сенбілік табиғатқа жанашырлық пен тазалықты сақтау әрқайсымыздан басталатынын тағы бір мәрте көрсетті. Тазалықты тек акция күндері емес, күн сайын сақтау маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары