Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының кезекті сессиясын өткізу уақытының өзгертілгенін хабарлаймыз.
Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының кезекті сессиясы 2026 жылғы 24 қыркүйекте бұрын белгіленген сағат 10:00-дің орнына сағат 15:00-де өтеді
Күн тәртібі
- Өткен жыл бойынша әлеуметтік-мәдени даму саласындағы мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды іске асыру және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы.
Баяндамашылар:
Талғат Абайұлы Рахманберді - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
Ерік Серікұлы Мейрхан - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
Сөз сөйлеуші: Алтыншаш Жұмашқызы Табулдина – Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты, Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары.
- Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Баяндамашы: Асқар Сайлаубекұлы Смағұлов - тұрақты комиссияның төрағасы.
- « Астананың орманды саябақ аймағын басқару және оның аумағындағы қызметтің шектеулі режимі қағидаларын бекіту туралы».
Баяндамашы: Дәулет Боранбайұлы Досқұлов - «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы.
- «Астана қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы.
Баяндамашы: Исламбек Айдарұлы Байманов - «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының м.а.
- Астана қаласында мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту аппараттарымен қамтамасыз ету туралы.
Баяндамашы: Айнұр Сәкенқызы Тулеуова - «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.
- Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттырудың (төмендетудің) пайыздары туралы.
Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.
- «Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру (азайту) пайыздары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.
- «Астана қаласының автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлеріне
салықтың базалық мөлшерлемелері туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 325/41-VI шешімінің күшi жойылды деп тану туралы.
Баяндамашы: Бахтияр Бейсентайұлы Ілиясов - «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарамасы» ММ басшысының м.а.
- «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешімі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 265/34 -VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Берік Айтпайұлы Ахметов - «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ басшысы.
- Қалалық мәслихат сессияларында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
Баяндамашы: Табиғат Зейнұлқабден - Астана қаласы мәслихатының төрағасы
- Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
Баяндамашы: Табиғат Зейнұлқабден - Астана қаласы мәслихатының төрағасы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефон нөмірі: 55-66-37.







