
2026 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында Арқалық қаласының 70 жылдығы және мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай Арқалық қазақ жасөспірімдер театры, «Жігіттер» триосы, Олжас Қапан және Абай Сейдахмет сынды өнерпаздардан құралған өнер керуені Сәтбаев, Қызылорда, Түркістан, Отырар және Шымкент қалаларында болып, А. Маудановтың «Арқалықтың ақ таңы» спектаклін көрермен назарына ұсынды.
Сапар барысында тарихи-мәдени нысандарға зиярат жасалып, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны дамытудағы еңбегі ннасихаттауға бағытталған мәдени-танымдық кездесулер өткізілді.
Өнер сапары өңіраралық мәдени байланысты нығайтып, жаңа шығармашылық байланыстардың қалыптасуына ықпал етті.









