
Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның басқаруына берудің тиімділігі қандай? Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан таба алады? Басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылауға болады?
Зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін ИПБ-ның басқаруына беру салымшыларға кірістілік тарихы неғұрлым үздік немесе неғұрлым агрессивті инвестициялық стратегия ұсынатын ИПБ-ны таңдау арқылы капиталды ұзақ мерзімді перспективада көбейтуге мүмкіндік береді.
БЖЗҚ – зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт, оның 100% акциясы Үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ-ның басқаруына беру құқығын іске асыруына байланысты БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті де арта түсті.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (салымшының таңдауы бойынша ҚР ҰБ және/немесе ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады, сондай-ақ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты үзінді көшірмелерде тәулік бойы, яғни «24/7» режимінде толық көрсетеді.
Бұдан бөлек, БЖЗҚ салымшылары үшін заманауи цифрлық ресурс ретінде ақпараттық интернет-платформа (invest.enpf.kz) іске қосылды. Ол барлық басқарушылардың (ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Invest.enpf.kz платформасы кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы динамикада активтерді басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша көрсеткіштерді салыстыруға болады.
Осы платформа арқылы салымшылар:
инвестициялық портфельдердің құрылымымен;
әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерімен;
инвестициялық құралдардың құрамымен;
түрлі басқарушылардың салыстырмалы сипаттамаларымен;
инвестициялық декларациялармен және басқару стратегияларымен таныса алады.
Сонымен қатар инвестициялық қызмет туралы ақпарат enpf.kz сайтында және invest.enpf.kz интернет-платформасында тұрақты түрде жарияланып, жаңартылып отырады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).








