«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтеді

    «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтеді

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруменқызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болуын арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізіледі.

    📍Өтетін орны: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26, Шығыс Қазақстан облысының Диагностикалық орталығының ғимараты.

    Іс-шара барысында денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, қажетті құжаттар және өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша мамандардан кеңес ала алады.

    Баршаңызды «Қызмет алушылар күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары