
2026 жылғы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында орналасқан «ТЫН ЖЕР» ЖШС және «AGRIMER BULAEVO» ЖШС кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинарды мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеев Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-мен бірлесіп өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер мен кәсіпорын өкілдеріне Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ еңбек заңнамасы нормаларын бұзғаны үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар еңбек заңнамасы нормаларын қолдануға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.









