
“Әділетті қоғамға-шыншыл сөз”
2026 жылғы 17 қыркүйекте “Заң және тәртіп” идеологиясын іске асыру шеңберінде әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Айтова Президент Кеңесшісі М. Н. Отарбаевтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның мақсаты-ҚР Президентінің кітабында көрсетілген маңызды қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелерді пікір алмасу, әділдік, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын зерделеу, сондай-ақ азаматтық қоғамның, ғылымның, мәдениет пен жастардың әділ және гүлденген Қазақстанды қалыптастырудағы рөлін айқындау.
Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жоғары оқу орындарының өкілдері мен жастар қатысты.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









