«Оқитын ұлт» марафоны аясында Департамент мамандары әдеби-мәдени мұрамен танысты.

    «Оқитын ұлт» марафоны аясында Департамент мамандары әдеби-мәдени мұрамен танысты.

    РММ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мамандары республикалық «Оқитын ұлт» оқу марафонын қолдады.

    Марафон аясында Департамент қызметкерлері Әдебиет және өнер тарихы музейіне барып, әдеби және мәдени мұрамен танысты, сондай-ақ отандық мәдениеттің көрнекті өкілдері туралы білімдерін кеңейтті.

    Мұндай іс-шараларға қатысу оқу мәдениетін насихаттауға, ой-өрісті кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мәдени және зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

    «Оқитын ұлт» — оқимыз, дамимыз, бірге күшейеміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары