
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 11:00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қосшы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесi мәселе енгiзiледi:
- «Қосшы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 213/53-8 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
- Басқа мәселелер.
Қосшы қаласы
мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков








