Мектептердегі жұмыс барысымен танысу

    Мектептердегі жұмыс барысымен танысу

    Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбол Жұманұлы Ойтал ауылдық округіндегі №20 Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі және №48 жалпы орта білім беретін мектепке арнайы барып, білім беру нысандарындағы жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында мектептердің қазіргі жағдайы, оқу процесінің ұйымдастырылуы, ғимараттардың жай-күйі және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, анықталған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігі айтылып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.

    Білім беру ұйымдарындағы жағдайды зерделеу және туындаған мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары