
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процессуалдық құжаттардың сапасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Павлодар облысы әділет департаментінің сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, Павлодар қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері және судьялар қатысты.
Кездесу барысында процессуалдық құжаттарды сапалы рәсімдеу, мемлекеттік тілдің қолданылуы және әкімшілік материалдарды дайындау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.









