«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

    «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

    "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    Облыстардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    2

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

    "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

    Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
    Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде.

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

    Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Тегін.

    7

    Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілердің жұмыс графигі

    1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
    2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    бірінші кезең:
    1. Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін:
    1) "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) арнайы есепке қою туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысы үшін сұралған жағдайда).
    2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
    3. Оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат (жер учаскесінде орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды пайдалануға беру актісі, азаматтық-құқықтық мәмле, сот шешімі);
    4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосуға арналған сауалнама парағы;
    5) жобалау алдындағы құжаттама (техникалық жоба).
    4. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаты үшін бұрын олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланатын құрылыс шегінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
    5. Бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды өздері алған немесе сатып алған жағдайда, құрылыс салу мақсатында Жер кодексінің 71-бабына сәйкес өздері бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта реновациялау бағдарламасы шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде көппәтерлі тұрғын үйлер мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт жасасқан заңды тұлғаларға:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
    4) уәкілетті орган бекіткен реновациялау бағдарламасы;
    5) көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы мен олардың инженерлік-коммуникациялық желілері үшін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт;
    6) Жер кодексінің 71-бабында көзделген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар (бөлініп берілген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің әрбір меншік иесімен жасалған шарттар, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім не олардан мемлекет пайдасына бас тарту туралы шешім, объектіні кейіннен кәдеге жарату).
    6. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат.
    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жергілікті атқарушы органның объектінің облыстың даму жоспарына енгізілгені туралы шешімі;
    4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
    8. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
    9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестер не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлер:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
    10. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
    11. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері:
    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш;
    2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
    3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
    Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.
    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжат туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден талап етеді.

    9

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 44-1-бабының 9-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2-тармағында, 96-1-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 78-бабының 5-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) Жер кодексінің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

    10

    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары