ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ НЕГІЗІ

    Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Әділетті қоғамға шыншыл сөз: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Жастармен жұмыс ұйымдастыру бөлімінің басшысы С. Жайлыбай қатысып, сөз сөйледі.

    Кездесуде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары, Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы Конституциялық өзгерістердің маңызы, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды.

    Жаңа Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуы, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін нығайту және қоғамдағы өзара сенім мен келісімді арттырудың маңызды негізі.

    Ал жастардың елдегі реформалаоға белсенді араласуы, өз пікірін ашық білдіруі және азаматтық жауапкершілікті сезінуі – қоғамның тұрақты дамуының маңызды факторы.

    Жаңа Конституция – жаңа жауапкершілік. Жастар – осы өзгерістердің бастаушысы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" жаңалықтары