Алексей Луценко Азия ойындарының 5 дүркін чемпионы атанды

    Тас жолдағы велоспорттан 32.1 шақырымға созылған жекелей есеп сайысында 34 жастағы Алексей Луценко Азия ойындарында топ жарды.

    Жарыс нәтижесі:

    🥇🇰🇿Алексей Луценко - 41:24.05
    🥈🇯🇵Шунсук Имамура - 42:58.04
    🥉🇲🇳Сайнбаяр Джамбальямц - 42:58.06

    Отандасымыз бұған дейін 2014, 2018, 2023 жылдары өткен Азиадада да алтын жүлдені еншілеген еді.

    ⏳Алексей Луценконың жеке есеп сайысындағы бұған дейінгі көрсеткіштері:

    🇰🇷2014 жыл (42 шақырым) - 50:28.78
    🇲🇨2018 жыл (40 шақырым) - 55:37.13
    🇨🇳2023 жыл (39.7 шақырым) - 48:05.75

    Айта кетейік, 1994 жылдан бері қатысып келе жатқан Қазақстан құрамасы сапынан 5 дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионы атағына каноэде есуден Константин Негодяев қана (1994 және 1998 жыл) қол жеткізген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары