КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    КҮЗГІ АҒАШ ЕГУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағында белгіленген орындарда күзгі ағаш отырғызуға дайындық жұмыстарының барысын пысықтады.
    Қазіргі уақытта «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ағаш отырғызылатын аумақтарды дайындау, жерді тазалау және қажетті жұмыстарды ұйымдастыру шаралары атқарылуда. Дайындық жұмыстарына жалпы 5 жұмысшы және 1 арнайы техника жұмылдырылған.
    Аудан басшысы күзгі ағаш отырғызу жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары