
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес «Жібек жолы» шекаралық өткізу пункті маңындағы инфрақұрылымды жүйелеу, қызмет көрсету нысандарын ретке келтіру және аумақтың сәулеттік келбетін біріздендіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған тапсырмалардың орындалу барысымен танысу мақсатында аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, кеден бекеті маңын аралады. Бүгінгі таңда кеден бекет маңындағы заңсыз орналастырылған нысандарды жою, жол жиегіндегі қоршауларды ретке келтіру, арық-атыздарды тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы аталған жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар мен жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырды. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мурат Баигабуловқа жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









